389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан испандық Talgo компаниясымен келісімшартты бұзды

  • 242
  • UPD: 15:44, 03.10.2019

Елімізде жедел-жәрдем қызметіне 800 жаңа көлік қажет.

Ауыл шаруашылығы техникасын да жаңарту керек. Ал, шалғай ауылдарда өрт сөндіру жабдықтары жетіспейді. Осы және өзге де әлеуметтік проблемаларды шешу үшін бюджеттен 94 млрд теңге қажет.

Бұл туралы 2019 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға үкіметтік түзетулерді талқылау кезінде айтылды. Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов енгізілген түзетулер туралы баяндады. Мысалы, асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған 36 млрд теңге қолдау таппаған.

Бұл мәселе депутаттардың наразылығын тудырды. Айтуларынша, салаға дұрыс көңіл бөлінбей отыр. Мысалы, субсидияға бөлінген қаржыны жергілікті әкімдіктер басқа мақсатқа жұмсап үйренген. Ал, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолаушылар вагондарын сатып алу үшін биылғы жылдың бюджетінен 18,7 млрд теңге сұрап отыр. Министрлік өкілдерінің айтуынша, енді испандық вагондардың орнына Ресейде жасалған вагондар алынады. Жалпы елімізде қолданыстағы вагондардың тең жартысының тозығы жеткен. Бюджет туралы заңға үкіметтік түзетулер депутаттардың талқысынан өткеннен кейін арнайы жұмыс тобының қарауына жіберілді.

Берік Шолпанқұлов, ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары:

- Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың қатары көбейіп жатыр. Бұған дейін қабылданған өтініштер бойынша қаржы есептелген еді. Ол тоғыз айдың қортындысы. Күн сайын жаңа өтініштер түсуде. Біз 1 млн 400 мың адамға есептеген едік. Ал, қазір 1 млн 800 мың адам болды.

Сапар Ахметов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Біз жаңа ғана ақпарат алып жатырмыз. Жаңа ғана көріп жатырмыз осы құжаттарды. Оның бәрін реттеу үшін қаражат керек. Қаражат жеткіліксіз. Бір жаққа тартсақ, екінші жақ болмау жатады. Сондықтан да, осы қаражатты біз дұрыс бөлу мәселесін, кейбір қалыптасып қалған мәселелерді шешу керекпіз. Оны бір күнде шеше алмаймыз. Оны рет-ретімен, жылдарға бөліп шешіп, осы мәселені қарайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы