389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Қытайға бұрын жеткізілмеген 30-дан астам тауарды импорттауды ұсынады

  • 254
  • UPD: 17:44, 03.10.2019
Қазақстан Қытайға бұрын жеткізілмеген 30-дан астам тауарды импорттауды ұсынады капитал

Қазақстаннан Қытайға жөнелтілетін экспорт көлемін 1,6 млрд АҚШ долларына ұлғайту мүмкіндігі бар.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлімдеді.

«Қытайлық импорттаушылар Қазақстаннан бұрын жеткізілмеген 30-дан астам тауарларды, атап өтсек, алюминий оксиді, портландцемент, ферросилиций, металл құбырлар, ферросилиций марганец, хром оксиді және гидроксиді, подшипниктер, болат және темір шыбықтарын қарастыруды ұсынамыз», - деді Қ.Төребаев.

Өз сөзінде Қазақстан ең алдымен шекаралас елдер Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Қытай нарықтарында сауда жасау қажет екендігін айтып өтті.

«Қазақстан Ресей Федерациясының көптеген субъектілері үшін негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Екі елдің шекаралас өңірлері арасындағы өзара сауда өткен жылы 2%-ға артып, 1,94 млрд. АҚШ долларын құрады», - деді вице-министр.

Сонымен қатар металлургия өнеркәсібі, химия өнеркәсібі тауарларына, дайын тамақ өнімдері бойынша Ресеймен сауда айналымын 245,6 млн АҚШ долларына арттыруға болады. 

Айтуынша, Қазақстан Қырғызстанға 53,2 млн АҚШ доллары сомасында металлургия өнеркәсібі, аккумуляторлар, дәрі-дәрмек өнімдерін экспорттауға мүмкіндігі бар. Ал Түркіменстанға 123,1 млн АҚШ долларына темір шыбықтар, кондитерлік өнімдер, маргарин, күнбағыс немесе мақсары майы, сиыр еті, сүт және кілегей, көкөністер консервілері, аккумуляторлар, ағаш материалдары, кабель өнімдері, ілмекті арматура, тегістеу материалдары, темір сым, ағашжоңқалы тақталар, полипропилен, алюминий шыбықтары мен профильдер, қож-мақта сияқты тауарларды жеткізуді ұлғайтуға мүмкіндігі бар. Өзбекстанға 210 млн АҚШ долларына құс еті, сығындылар, эссенциялар және кофе концентраттары, кондитерлік өнімдер, соя, күнбағыс немесе мақсары майы, макарон өнімдері, маргарин, сондай-ақ минералдар мен өнеркәсіптік өнімдер жөнелте алады.

Осылайша экспорт көлемін 2022 жылға қарай 1,5 есе, ал 2025 жылға қарай 2 есеге ұлғайту жоспарлануда.

Авторы: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы