389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да көп балалы аналар «Бастау Бизнес» бойынша кәсіп ашты

  • 200
  • UPD: 21:52, 03.10.2019

Солтүстік Қазақстан облысында «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 31 көп балалы ана кәсіп ашты. Солардың бірі Бескөл ауылында тұратын Мариям Ақсарина.

Мариям мемлекеттен 500 мың теңге қайтарымсыз қаржы алып, құс шаруашылығын ашты.

Мариям Ақсарина 4 баланың анасы. Мектепте психолог болып жұмыс істеген ол енді бизнеске бет бұрды. Іскер әйел 100 бөдене сатып алып, шағын құс шаруашылығын ашты. «Бәрі адамның өзіне байланысты», - дейді Мариям. 

Мариям Ақсарина, кәсіпкер:

- Ешқашан ешкімнен ештеңе сұрмау керек. Бұл кедейлік көзқарас. Мысалы, маған бағдарламаға қатысуға ұсыныс түсті. Кәсіп ашу ойым да болған жоқ. Мемлекеттің мүмкіндігін пайдаланып, бастап кеттім. 

Бөдененің еті – деликатес. Қазір Мариям мейрамханалармен келіссөздер жүргізіп жатыр. «Бастау Бизнес» бағдарламасы тағы 30 көпбалалы ананың кәсіп ашуына мүмкіндік берді. 

Гүлнәзия Әбілова, облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

- Көп балалы отбасыларға бағдарлама бойынша 200 айлық есептік көрсеткіші, яғни 505 теңге грант беріледі. Бүгінгі таңда олармен бөдене шаруашылығы, сән салоны, тігін ісі секілді тағы басқа кәсіп түрлері ашылды. 

Биыл облыс бойынша «Еңбек» бағдарламасымен жұмыссыз жүрген 1 мыңдай адам кәсіпкерлік курсынан өтіп, әр алтыншысы шағын несие алды.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы