389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстаннан экспортталатын шикізаттық емес өнім үлесі артпақ

  • 222
  • UPD: 21:21, 03.10.2019
Қазақстаннан экспортталатын шикізаттық емес өнім үлесі артпақ

2022 жылы Қазақстаннан шетелге экспортталатын шикізаттық емес өнімдер 1,5 есе артады. Бұл ретте басымдық шекаралас мемлекеттерге беріледі.

Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Сауда және интеграция министрінің орынбасары  Қайрат Төребаев мәлімдеді. Оның айтуынша, белгіленген көрсеткішке жету үшін әуелі көршілес Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстанның нарығына шығарылатын тауарларды көбейту қажет. Мәселен, химия өнеркәсібі мен дайын тамақ өнімдерінің арқасында бір ғана Ресеймен арадағы тауар айналымын 245 миллион долларға арттыруға мүмкіндік бар көрінеді.  

Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары:

- Біздің алдымызда президентпен өте маңызды талап қойылып жатыр. Бұл экспортты әрмен қарай дамыту. Сондықтан осы маңызды жұмысты біздің министрлік атқарып жатыр. Қазіргі кезде өңіраралық ынтымақтастық және шекара маңындағы ынтымақтастықты одан әрі жақсартып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы