389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың Германияға сапары жоспарланып отыр

  • 259
  • UPD: 08:38, 05.10.2019

Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық қарым-қатынас дамып келеді. Соңғы жылдары екі ел арасындағы сауда-саттық көрсеткіші айтарлықтай өсті.

Инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде биыл тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 15% ұлғайды. Ал сауда көлемі төрт миллиард еуроға жуықтаған. Алматыда өткен форумда екі ел кәсіпкерлері кездесіп, іскерлік қарым-қатынасты одан әрі жалғастыруға мүдделі екендерін айтты.

Тило Клиннер, Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

- Желтоқсан айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары жоспарланып отыр. Бұл сапар екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтатындығына сенімдіміз. Германия тарапы Қазақстанда агросекторды серпінді дамытуға атсалысуға ниетті. Бұл істе неміс өндірісі мен өнеркәсіп компаниясы жақсы серіктес болады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы