389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық инвесторлар апталығында құнды қағаз мәселесі талқыланды

  • 193
  • UPD: 21:40, 06.10.2019
Халықаралық инвесторлар апталығында құнды қағаз мәселесі талқыланды

Жоғары табысқа қол жеткізу, кепілдік және тәуекелдер. Құнды қағаздарға инвестиция салғысы бар қазақстандықтарды осы мәселе қызықтырады.

Осы және өзге де тақырыптар халықаралық инвесторлар апталығында талқыланды. Оның шеңберінде Астана халықаралық қаржы орталығының өкілдері еліміздің бірден 6 қаласында кездесулер өткізді. Қаржылық сауаттылық пен инвестициялық мәдениет саласындағы жетекші сарапшылардың семинарлары мен дәрістеріне 1 жарым мың адам қатысты. Олардың қатарында Жоғарғы оқу орындарының ұстаздар қауымы мен студенттер және ел президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері бар.

Айнұр Қадырбаева, AFSA лицензиялау департаментінің аға сарапшысы:

- Не болып жатқанын біліп танып көргісі келген бүкіл тыңдармандарға арналды. Бұл біріншіден инвесторлардың құқығын қорғау, біз өзіміздің заңнамалық базамыз арқылы осы инвесторларға қандай қамқор береміз, яғни олардың бизнестері қалай қорғалады. Біз АХҚО реттеушісі ретінде өзіміздің тарапымыздан қандай жұмыс атқарып жатырмыз. Осы туралы үлкен конференция өткіздік.

Хабар 24 телеарнасы