389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанға ЕАЭО елдерінен заңсыз әкелінген тауарлар анықталды

  • 200
  • UPD: 22:01, 07.10.2019
Қазақстанға ЕАЭО елдерінен заңсыз әкелінген тауарлар анықталды

Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен заңсыз әкелінген тауарлар анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір осындай алты факт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ведомство мамандары Қырғызстаннан Ресейге Қазақстан аумағы арқылы бет алған көлікті ұстаған. Жүргізуші болса, тиелген көкөністі жол-жөнекей Алматы базарында саудаламақ болған. Осындай заңсыздықтардың жолын кесу үшін қазір комитетте пилоттық негізде жаңа бағдарлама қолға алынды.

Жайдар Іңкербаев, ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

- Қатысы жоқ адамдардың құжаттарына жалған БИН-дерін көрсетіп, тауарларды импортқа әкелген. Қырғызстаннан, Ресейден әкелініп жатқандар ұсталған. Ақпараттық жүйелерімізді дұрыстау керек Өйткені қазір осындай мүмкіндіктер бар. Біз экспорттық бақылауды биылдан бастап жүгіріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы