389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Француз кәсіпкерлері Алматы облысында қоқыс өңдейтін зауыт салуға ниетті

  • 163
  • UPD: 15:39, 09.10.2019

Француз кәсіпкерлері Алматы облысының аумағынан қоқыс өңдейтін зауыт салуға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ол тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудан бастап, оны сұрыптап, өңдеуге дейінгі толық цикл бойынша жұмыс істейтін болады. Облыстық әкімдікпен ортақ мәмілеге келе алсақ, біз ол кәсіпорынды 1,5 жылда іске қосамыз», - дейді шетелдік меймандар.

Алматы облысынан жыл сайын 1 миллион тоннаға жуық қоқыс шықса, қазіргі уақытта соның 24%-і ғана өңделеді. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр. Өйткені бүгінде еліміздегі тұрмыстық қалдықтардың 11%-і ғана қайта өңделуде. Ал полигондарымыздың көбі талапқа сай емес. Француз кәсіпкерлері оларды типтік үлгідегі полигондарға аыналдыру мәселесінде де өздерінің бай тәжірибесі бар екенін жеткізді.

Тимоти Каргилл, инвестор (Франция):

- Біз Алматы облысында жұмыс істеуге дайынбыз. Себебі ,қолымызда күллі әлем мойындаған ноу-хау технологиялар бар. Ол қаланың тазалығы мен қоршаған ортаны сақтап, қорғауға оң әсер етеді. Келісім жасаса алсақ, типтік үлгідегі екі жаңа полигоны бар кәсіпорын 1,5 жылдың ішінде жұмыс істей бастайды.

Бағлан Тәнекенов, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

- Электр энергиясы, жылу жүйесін, парниктік газ шығаруды жоспарлап отыр. Біз бұлармен тікелей жұмыс жасауға дайынбыз. Жоспарымызды соған бағыттаймыз.

 

Хабар 24 телеарнасы