389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді

  • 170
  • UPD: 15:16, 09.10.2019
Елордада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді

11-12 қазан күндері елордада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әр өңірден іріктеліп, үздік атанған отандық тауар өндірушілер «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша марапатталады. Сондай-ақ көрме-байқаумен қатар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Азия даму банкі, Қазақстан қолөнершілер одағы мен Ұлттық курорттық қауымдастықтың ұйытқы болуымен «Ұлы дала елі» форумы өткізіледі. Онда жергілікті қолөнершілер, халықаралық спикерлер, шетелдік елшіліктер, сауда-өнеркәсіп палаталары, шетелдік сауда желілері мен өнім дистрибьюторлары бас қосады.

Айта кетейік, биылғы көрме-байқауға 150-ден астам отандық кәсіпорын өз өнімдерін ұсынады.

Салтанат Әбдікәрімова, «Атамекен» ҰКП әлеуметтік бастамалар департаментінің басқарушы директоры:

- Көрме-байқау жыл бойы өтеді. Бірінші кезекте отандық тауар өндірушілер оған өңірлік деңгейде қатысып, алғашқы іріктеу кезеңінен өтеді. Одан кейін аралық кезеңде, яғни таяуда өтетін көрме-байқауда өз өнімдерін ұсынады. Әр облыстан 9 кәсіпорыннан қатысады. Ақтық сынға жолдама алғандар өзара онлайн дауыс беру арқылы мықтыны анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы