389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгия инвесторларының Қазақстанға құйған қаржы көлемі 8 млрд АҚШ долларына жеткен

  • 490
  • UPD: 16:33, 10.10.2019

Бельгиялық инвесторлар Қазақстан экономикасына инвестицияны ұлғайтуға ниетті.

Валлон және фламан кәсіпкерлері Брюссельде өткен «Сауда-кономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі» атты бизнес-форумда осылай деп мәлімдеді. Кездесу Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі және АВЕКС агенттігінің ұйымдастыруымен өтті. Қазір Қазақстанда 74 бірлескен компания жұмыс істейді. Бельгия инвесторларының елімізге құйған қаржы көлемі 8 миллиард АҚШ долларына жетеді. Ал екіжақты сауда айналымы жылына 450 миллион долларды құрайды. Экономикалық ынтымақтастыққа өткен жылы күзде Брюссельде еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуропа елдерінің жетекші бизнесмендерімен кездесуі күшті серпін берді.

Ермек Көшербаев, ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары:

– Біз мұнда денсаулық сақтау саласына, энергетика мен газ өнеркәсібіне инвестиция тарту мәселесін, ауыл шаруашылығы, машина жасау және тоқыма өндірісіне қатысты сұрақтарды талқыладық. Өйткені Бельгияда тиісті жабдық жасап шығаратын компания жұмыс істеп тұр. Біздің елімізде тоқыма өндіруге қажетті үлкен нарық бар. Осы ретте Бельгия тарабы Түркістан облысымен жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.

Тони Декок, «Picanol» компаниясының менеджері:

– Біз тоқыма білдектерін өндіреміз. Қазақстан мақта өндіреді. Оның шикізат ретінде экспортталып, дайын өнім ретінде кері импортталатыны өкінішті. Өндірістің жергілікті болғаны дұрыс еді. Сонда жұмыс орындарын көптеп ашуға мүмкіндік пайда болады. Қазақстанда бизнесті дамыту мүмкіндіктері зор екеніне еш күмәніміз оқ. Сіздерде мақта талшығының көп болса 2-3 пайызы ғана матаға айналады. Сондықтан оның қалған бөлігін де тиімді пайдалану керек.

Хабар 24 телеарнасы