389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Моңғолияның өзара тауар айналымы 80 млн АҚШ долларына жеткен

  • 146
  • UPD: 20:08, 10.10.2019

Елімізге ресми сапармен келген Моңғолия премьер-министрі Ухнаагиин Хүрелсүх Үкімет басшысы Асқар Мамин де кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, тау-кен және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады.

Екі елдің өзара тауар айналымы өткен жылы 80 млн АҚШ долларына жеткен. Ендігі мақсат – осы көрсеткішті еселеп арттыру. Асқар Мамин бұл үшін сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың 2021-2024 жылдарға арналған жол картасын әзірлеуді ұсынды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

Моңғолиямен сауда қарым-қатынасты дамытуға аса назар аударамыз. Ортақ мақсатымыз екіжақты сада көлемін арттырып, экономикаық байланысты жаңа деңгейге көтеру. Осы тұрғыда біз сауда-экономикалық байланыстардың жаңа бағыттарын, әсіресе, көлік-логистика мен ауыл шаруашылығы салаларындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайынбыз. Сауда-экономикалық ынтымақтастығын белсендіру жөніндегі жол картасының жобасын әзірлеуді ұсынамын.

Келіссөздер қорытындысы бойынша премьер-министрлердің қатысуымен бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.

Хабар 24 телеарнасы