389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 2020 жыл Кәсіпкерлікті қолдау жылы болып жарияланды

  • 155
  • UPD: 14:51, 11.10.2019
Елімізде 2020 жыл Кәсіпкерлікті қолдау жылы болып жарияланды

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев 2020-ны «кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялады.

Жиында қор мен палатаның өзара іс-қимылы пысықталды. Атап өтейік, өткен мамыр айында қос ұйым арасында өндірістік компанияларға ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасуға, бизнестің өсуін қамтамасыз етуге және отандық өндірушілерді қолдау үшін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін келісімге қол қойылған еді. Кездесу барысында тараптар құжатты іске асырудың жаңа әдістерін талқылады. Ахметжан Есімов алдын ала төлем жасау арқылы ұзақ мерзімді тапсырыстар алуға мүмкіндік беретін механизмге, оффтейк-келісім шарттарға назар аударды. Жыл соңына дейін кемінде 10 оффтейк-келісім-шарт жасасу жоспарланған. Ал Тимур Құлыбаев өз кезегінде көрсетілген қызметтер мен жеткізілген тауарлар үшін төлем мерзімінің 20 күнге дейін қысқаруы өте маңызды екендігін айтты. Тараптар әріптестік аясында жұмыс қарқынын ұлғайтуға, отандық тауар өндірушілерден өнім сатып алу көрсеткішін 300 миллиардтан 600 миллиард теңгеге дейін арттыруға келісті.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы:

- Біз қазақстандық өндірушілерді қолдауға тиіспіз, оның үсітіне бұл біздің компания үшін тиімді. Біз оффтейк-келісім-шарт жасасамыз, өйткені бұл тауарлар сұранысқа ие. Сонымен қатар тауарлардың сапасы мен құны сай болуы тиіс екендігін ұмытпау керек. 

Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы:

- Қазір қазақстандықтардың басым бөлігі жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейді және ұзақ мерзімді тапсырыстар есебінен оларға айтарлықтай қолдау көрсетуге болады. Олар өз қызметкерлерінің жалақысын көтере алады. Кем дегенде бұл қоғам үшін елеулі тұрақтандырушы әлеуметтік роль атқаратын қордың сатып алу жүйесіне енгізу кезінде көзделген қарама-қарсы міндеттемелердің бірі.

Хабар 24 телеарнасы