389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жалпы ішкі өнімі 1,8 трлн доллардан асқан

  • 135
  • UPD: 10:56, 12.10.2019
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жалпы ішкі өнімі 1,8 трлн доллардан асқан

Биыл Еуразиялық экономикалық одақ жобасының жүзеге асқанына 25 жыл.

1994 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінде Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын жариялаған болатын. Бүгінде экономикалық бірлестік 183 миллион халықтың басын ортақ нарыққа біріктіріп отыр. Одаққа мүше елдердің жалпы ішкі өнімі 1,8 триллион доллардан асады. Осы мерейтойға орай Қазақстан елшілігі және Еуразиялық экономикалық комиссиясының қолдауымен «Еуразиялық экономикалық одақтың көкжиегі» атты кітап жарық көрді.

Асқар Кішкембаев, ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі хатшылығының басшысы

- Біз мерейтойға байланысты еңбегіміздің жемісін қорытындылап отырмыз. Еуразиялық экономикалық одақ жөнінде келісімге қол қойылғанына 5 жыл, ал ең бастысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Еуразиялық интеграция идеясын жариялағанына 25 жыл толды. Елбасының көрегендік дарыны бар екенін ерекше атап өту керек. Іс жүзінде бұл идея нақты экономикалық есепке негізделген еді.

Хабар 24 телеарнасы