389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірқатар компания өнімдерін Ресейге экспорттауға салынған тыйым алынып тасталды

  • 101
  • UPD: 19:48, 12.10.2019
Бірқатар компания өнімдерін Ресейге экспорттауға салынған тыйым алынып тасталды

Қазақстандық бірқатар компания өнімдерінің Ресейге экспортталуына салынған тыйым алынып тасталды.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Атап айтсақ, «Зенченко және К», «J.F.M. company» және «Айсберг ПВ» ЖШС өз өнімдерін РФ-ға қайта экспорттай алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей ауылшаруашылық бақылау қызметі «Зенченко және К» компаниясының өнімінен ішек таяқшасын анықтағанын мәлім еткен еді. Осыған байланысты биылғы жылдың 5 қыркүйегінде өнімдерді Ресей Федерациясының аумағына кіргізуге тыйым салынды. Сондай-ақ Ресей ауылшаруашылық бақылау қызметі тағы екі компанияның дайын өнімдерінің құрамында жеке көрсеткіштер артық болғанын мәлімдеген болатын. Алайда қазақстандық және Ресей Федерациясының дербес зертханаларынан ешқандай заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Қалыптасқан жағдайға байланысты ҚР ҚР Сауда және интеграция министрлігі Еуразия экономикалық комиссиясы алқасына аталмыш мәселені комиссия алаңында шешу мәселесі бойынша жүгінуге мәжбүр болған.

«Биылғы жылдың 9 қазанында қазақстандық тараптың ресейлік әріптестерімен өткен консультациясының қорытындысы бойынша қойылған шектеуді алып тастау шешімі қабылданды», - деді министрліктен.

Хабар 24 телеарнасы