380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран тауарлары ЕАЭО елдеріне Қазақстанның теңіз шекарасымен жеткізіледі

  • 310
  • UPD: 13:47, 14.10.2019

Жуық арада Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында  еркін сауда аймағы жұмыс істей бастайды. Қос тарап серіктестігінің келешегі оның тиімділігіне байланысты болмақ. Ирандықтар Еуразиялық одақпен ынтымақтастық орнатуды қалай қабылдады?

Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ уақытша сауда аймағын құру туралы келісімге былтыр Астана экономикалық форумы барысында қол қойған болатын.

Құжат қазанның 27-сі күні күшіне енеді. Оған сәйкес 840 тауарға салынатын салық жеңілдейді. Иран Энергетика министрінің айтуынша, бұл елдің сыртқы сауда қатынасындағы елеулі оқиға болады. АҚШ санкцияларын ескерсек, еркін сауда аймағы Иран үшін көп мүмкіндіктерге жол ашады. 

Шерфин Тахери, Еуразия мәселелері бойынша сарапшы:

- Еркін сауда аймағын құру Иран экономикасын қалпына келтіруге көмектеседі. Құжатта белгіленген тарифтік жеңілдіктер Иранға да оның серіктестеріне де тиімді болатыны сөзсіз. 

Экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қос тарап та мүдделі. Келісім-шарт Одаққа мүше елдер мен Иран арасындағы сауда қатынастарын реттеп, экономикалық байланыстарды кеңейте түседі. Қазір Қазақстанның сыртқы саудасындағы Иранның үлесі 1,5 процентті құрайды. Еркін сауда аймағында бұл көрсеткіш бірнеше мәрте ұлғаятыны анық. 

Джафар Афруз, саясаттанушы:

- Ортақ кеңістік Шығыстан батысқа, Каспий теңізінен Парсы шығанағы мен Оман теңізіне дейін теміржолдар салуға мүмкіндік береді. Бұл сауда жолын қысқартып, тауар тасымалдауға кететін шығынды азайтады. 

Иран тауарлары Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне Қазақстанның теңіз шекарасымен жеткізілетін болады. Ислам республикасында қосымша логистикалық орталықтарды құру бойынша жұмыстар басталып кеткен. Кеден және шекара жүйелерін реформалау қарастырылып жатыр. Сарапшылардың болжауынша, Иранмен ынтымақтастық Одақ елдерінің ішінде ең алдымен Ресей мен Қазақстанға тиімді болмақ.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша, Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы