387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері ел бюджетінің 8,6 млрд теңгесі игерілмеген

  • 211
  • UPD: 15:01, 14.10.2019

Жыл басынан бері ел бюджетінің 8,6 миллиард теңгесі игерілмеді. Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары-қаржы министрі Әлихан Смаилов айтты.

Ең көп қаржы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде игерілмеген. 1,5 миллиард теңге. Жоғарғы сот, мәдениет және спорт, сауда және интеграция министрліктерінде де қазына қаражаты игерілмей отыр. Негізгі себептер конкурстардың ұзақ жүргізілуі, атқарылған жұмыстар туралы актілерді уақытылы ұсынбау дейді ол. Бұдан бөлек жыл басынан бері жалпы құны 174 миллиард теңге болатын қаржылық бұзушылықтар анықталған. Енді үкімет олқылықтарды жойып, 2019 жылға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған көрсеткіштерін уақытында іске асыруды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы