388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЖОО оқытушыларына жалақыны өсіру шығындары бюджетке салмақ түсірмейді

  • 189
  • UPD: 00:43, 16.10.2019

Жоғарғы оқу орындары оқытушыларының еңбекақысы өседі. Жалақыны 30 бен 50 процент аралығында көбейту көзделген. Осыған қатысты қолға алынған шаралар келесі жылдың басына дейін аяқталуы тиіс.

Еңбекақыны өсіруге қатысты шығындар мемлекеттің бюджетіне салмақ түсірмейді. Яғни жоғарғы білім беретін мекемелері ішкі қаржылық қордың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қызметкерлерінің табысын еселейтін болады.

Ақпараттық қауіпсіздік саласының маманы, техника ғылымдарының кандидаты Хәкім Сағындықов жоғарғы оқу орындарында 40 жылдан бері сабақ беріп келеді.  Білім беру жүйесінде талай реформаны басынан өткерген. Сондықтан оның тимді және тиімсіз тұстарын дөп басып айтып бере алады. Ол  жұмыс істейтін Еуразия ұлттық университеті осы жаңа оқу жылынан бастап, ішкі резервті пайдалана отырып, оқытушылардың жалақысын өсірді. Яғни, педагогтардың жүктемесі, ғылыми еңбектері назарға алынды.       

Хәкім Сағындықов, техника ғылымдарының кандидаты:

- Жәй оқытушыларға бір бөлек жүктемелері есептеліп үстемақы қосылады. Аға оқытушыларға бір бөлек үстемақылары көбейді. Доценттерге бір бөлек. 30 процент жәй мұғалімдерден басталып, аға оқытушылардікі одан көбейді. 

Бүгінде жоғарғы оқу орнындағы оқытушыларының бірқатары 60-70 мың жалақы алатыны рас. Олардан сапаны талап ету мүмкін емес. Осыған орай мемлекет басшысы педагогтарды қолдау жөнінде тапсырма берді.Ал, білім және ғылым министрлігі ректорларға келесі жылға дейін еңбекақыны көбейту міндетін жүктеді.Көбейткенде де 50 проценттен кем болмауы шарт.  Мамандардың айтуынша, бұл шаралар білім сапасына кері әсерін тигізбеуі керек.

Шахмаран Сейілов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы:

- Бізге қоғамдағы бизнес бізге сеніммен қарамайды. Сіздер  жұмысты басынан бастайсыздар. Аяғына дейін жеткізбейсіңдер. Сіздер зерттеу мәселесімен ғана айналысыздар. Ал зерттегеннен кейін қолдану, пайдалану мәселесін қараңыздар деп бізге мақсат қойып жатыр. Менің әріптестерімнің көңіл күйі жақсы. Бірақ жалақыны одан әрі қарай да өсіретін жағдайымыз бар. 

Жалақыны көбейту оқытушылар мен студенттердің санына да әсер етпеуі тиіс. Педагогтар қысқарып, студенттердің саны артпағаны жөн. Табысты арттыру үшін индустриалды гранттарды көбейту қарастырылмақ. Яғни бизнес әріптер іздестіріледі. Сонымен қатар ректорлардың алдына жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін академиктерді қосымша ақылар тағайындау арқылы қолдау міндеті қойылып отыр. Алдағы уақытта жас ғалымдарды қолдау шаралары да қолға алынады.

Хабар 24 телеарнасы