376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда жаңғыртылған «АтырауНефтеМаш» зауыты іске қосылды

  • 334
  • UPD: 23:24, 16.10.2019

Атырауда жаңартылған мұнай машиналарын жасайтын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өндіріс ошағын дамытуға арналған жобаны іске асыру кезінде зауыттағы құрылғылардан өзге жаңа цехтар іске қосылып, озық үлгідегі технологияға негізделген қондырғылардың тұсауы кесілді.

Атыраудағы «АтырауНефтеМаш» зауытының 100 жылдығы мен «ANACO» компанияның 25 жылдығына арналған мерекеде жаңадан ыстық мырыштау және грейтинг цехы іске қосылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Атап өтерлігі, бұл зауыт еліміз бойынша баламасы жоқ өндіріс орындарының бірі.

Жаңа цех ыстық мырышталған болаттан жасалған жабдықтар шығаруға мүмкіндік береді, бұл материалдың құрылмалары өртке қауіпсіз жоғары қабілетке ие. Бұл – Қазақстан газ химиясының жаңа өнімі саналатын пропилен өндіруге арналған сплиттер. Қазақстан бойынша тұңғыш рет дайындалған отандық кешен. Бұл күрделі құрылғының жылдық өндірістік қуаты 500 мың тонна пропилен. Осыған дейін тек шетелдіктерге сенім артылған қондырғылар енді «Атыраумұнаймашиналары» зауытында құрастырылады.

Александр Донсков, Атырау мұнай машиналары зауытының бас директоры:

- Біздің мамандар құрастырып шығарған қондырғының ұзындығы 105 метр, ал диаметрі 8,4 метрді құрайды. Әзірге салмағы 1250 тоннадан асады. Ал толық орнатылып бткен соң жалпы салмағы 1500 тоннаға дейін жетеді. Мұндай құрылғы бұрын-соңды бүкіл Еуразия құрлығында жасалған емес.

Соңғы 25 жылда толықтай қайта жаңғыртылған кәсіпорынның жеке құрастыру станциясы мен дәнекерлеу цехтары бар. Автоматтандырылған қондырғылар тапсырысты қысқа мерзімде дайындауға мүмкіндік береді.

Сағат Түгелбаев, «ANACO» компаниялар тобының құрылтайшысы:

- Былтыр біз «Қарашығанаққа екі-үш фазалы сепораторлар істедік. Мынау бұрын істелмеген. Бұрын тек Қазақстанда емес, Кеңес Одағында, Ресейде де істелмеген. Сондықтан жай болса да, дұрыс жаққа қадамымызды жасап келе жатқан сияқтымыз.

Кешенді өндірісті орталықта қазір үш жаңа цехтың құрылысы жүріп жатыр. Осы жаңа жобалар іске қосылысымен бұрыннан еңбек етіп жатқан 350 адамға қоса тағы 200 маманды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы