384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Бозымбаев: Алдағы бір жарым айда жанармай бағасына алаңдауға негіз жоқ

  • 258
  • UPD: 22:17, 16.10.2019
Қ.Бозымбаев: Алдағы бір жарым айда жанармай бағасына алаңдауға негіз жоқ

Алдағы бір жарым айда жанармай бағасына қатысты алаңдауға негіз жоқ.

Әзірге нарықта сұраныс пен ұсыныстың көлемі шамалас. Бұл туралы бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, еліміздегі жанармай бағасы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Мәселен, Ресейде бензин Қазақстанға қарағанда 100 теңгеге қымбат.

«Дегенмен, уақыт өте келе бұл айырмашылық жойылып, баға теңеседі», - дейді министр. Әрі мемлекеттің нарықтағы бағаны реттеуге араласпайтынын атап өтті.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Бағаның төмендігінен 2 проблема пайда болады. Ішкі нарыққа жіберілетін мұнай бағасы бәсекеге төтеп бере алмайды. Салдарынан мұнай-газ компаниялары кірістен қағылады. Сәйкесінше, инвестиция аз құйылады. Мұның барлығы Қызылорда және Ақтөбе облысының кей жерлеріндегі өндірістің азаюына алып келеді. Ал, бұл облыстар ішкі нарықтың 60-80%-ін қамтамасыз етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы