388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда ұнды арзандату арқылы нан бағасы тұрақты етіледі

  • 174
  • UPD: 09:32, 17.10.2019

Қостанай облысындағы ірі диірмен кешеніне астық сатып алуға 150 миллион теңге бөлінді. Бұл ұн өндірісімен айналысатын кәсіпорын, наубайхана және әкімдік арасында жасалған үш жақты меморандум аясында жүзеге асып отыр. Диірмен жыл бойына ұнның келісін 94 теңгеден асырмауы тиіс. Осылайша аймақта нан бағасын тұрақтандыру мақсаты тұр.

Қостанайда бөлке нанның бағасы 83 теңгеден аспайды. Оның құнын тұрақты түрде ұстап тұру мақсатында жергілікті биліктің наубайханалармен жасаған келісімі бар. Соған сәйкес, диірмен кешенінен ұн нан өндірушілерге нарықтағы бағадан арзанға өткізіледі.   

Төлеутай Ержанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Ұнды наубайханаларға келісін 94 теңгеден жібереді. Ал наубайханалар нанның бағасын 80 теңгеге өндіруі тиіс және дүкендерде 83 теңгеден сатылуға тиіс. 

Бұл қойманың сыйымдылығы 10 мың тоннадай ұн сақтауға жетеді. Қазірдің өзінде диірмен кешенінің нан өндірушілерді үш ай мерзімдік шикізатпен  қамтуға қауқары бар. Меморандум аясында ай сайын наубайханаларға 650 тонна ұн жіберіледі деп келісілді. Осы орайда кәсіпорынға бір жылға қаражат бөлінген.  

Дулат Шаяхметов, диірмен кешенінің бас директоры:

- 150 миллион «Тобыл» ӘКК берген сол 94 теңгеден. Қалай ұстаймыз соны білмеймін. Жаңа жылға дейін көреміз. Бидайдың сапасы биыл онша емес. Орақ науқанында 50 пайыз өнім алмай қалды. 

Ал мынау наубайхана ұн бағасының ауытқуына қарамастан нанның құннын өз есебінен ұстап келеді. Бір бөлке ас атасын 79 теңгеден саудалайды. Күніне мыңға жуық нан пісіреді. Алайда, бағаның өзгеріссіз қалатынына кепіл жоқ, дейді наубайхана өкілдері.  

Игорь Калугин, өндіріс меңгерушісі:

- Бізге күнделікті бірінші сұрыпты 1 тонна ұн қажет. Соңғы екі ай ішінде  оның бағасы апта сайын 2-3 теңгеге көтеріліп келеді. Одан бөлек маргарин және тағы басқа шикізат түрлері қымбаттап жатыр.

Жалпы азық-түлік тауарларының 13 атауы бойынша бағаларын бастапқы деңгейіне түсіру үшін әкімдік тауарлық интервенция жүргізді. Соларды облыстағы 120 дүкенге шығарып нарықтағы бағаны ұстауға әрекет жасап жатыр.

Авторлары: Данияр Сұлтан, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы