389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлеуметтік салаға инвестиция тарту Қызылорда облысында бірқатар мәселені шешті

  • 135
  • UPD: 07:29, 20.10.2019
Әлеуметтік салаға инвестиция тарту Қызылорда облысында бірқатар мәселені шешті

Әлеуметтік салаға жеке инвестицияларды тарту арқылы Қызылорда облысында бірқатар күрмеулі мәселе шешімін тапты.

Мәселен, Қызылорда қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылған емхана 43 мыңға жуық адамды медициналық қызметпен қамтамасыз етіп ғана қоймай, облыс бюджетінің 3,6 миллиард теңгесін үнемдеуге мүмкіндік берді. Дәл осындай негізде ашылған «Тарлан» спорт кешені 350 баланы бокс, ауыр атлетика және таэквондоға баулып келеді. Енді биыл жыл соңына дейін айтулы бағдарлама аясында қоқыс сұрыптау кешенін іске қосу жоспарланып отыр. Қазір бұл нысанның құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Айта кетейік, Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының 60 процентінен астамы ауылдық елді мекендерде жүзеге асырылып отыр. Алдағы уақытта өңір студенттерін жатақханамен қамту мәселесін де осындай келісім арқылы шешу көзделген. 

Әлия Жақыпбаева, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгінгі күні мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында 116 жоба жүзеге асырылды. Тағы 41 жоба бойынша келісімдер жасалды. Аталған жобалар өңірдің барлық саласын қамтиды. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тағы басқа салалардағы жобалар.

Хабар 24 телеарнасы