387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин еліміздегі өңірлерге АХҚО-мен тығыз байланыс орнатуды тапсырды

  • 143
  • UPD: 22:46, 21.10.2019

Үкімет басшысы инвестициялар тарту үшін өңірлерге Астана Халықаралық қаржы орталығымен тығыз байланыс орнатуды тапсырды.

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында экономиканың дамуы пысықталды. Биыл 9 айдағы өсім 4,3 процент. Мoody’s рейтингтік агенттігі еліміздің несиелік бағалануын тұрақтыдан позитивтіге арттырды. Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде еліміздің позициясы 59-дан 55-ші орынға көтерілді. 2024 жылға қарай негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейін жалпы ішкі өнімнің 30 процентіне дейін жеткізу көзделген. Бүгінде 2020-2024-ші жылдары 41 триллион теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік беретін жобалар пулы құрылған. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес, экономика дамуының озық қарқынын қамтамасыз ету үшін, елімізге тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жұмысын сапалы түрде күшейту қажет»,- деді Асқар Мамин. Өңірлерде инвестициялық жобалармен тікелей айналысатын әкімдердің орынбасарлары бар. Жиын соңында Үкімет басшысы орталық мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға және әкімдіктерге инвестициялар тарту бойынша бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізіп, алға қойылған міндеттерді орындауды тапсырды.

 

Хабар 24 телеарнасы