424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Соңғы үш жылда электронды сауда көлемі 2 есе өсті

  • 788
  • UPD: 17:46, 23.10.2019
Соңғы үш жылда электронды сауда көлемі 2 есе өсті

2019 жылы да оң динамика бақылануда – сарапшылардың пікірінше, қыркүйекте оның көлемі 300 миллиардтан астам теңгені құраған, ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеге жетуі мүмкін.

Бұл туралы Елорда Инфо finreview.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Электронды сауданың экономикаға мультипликативті әсері ЖІӨ-ге жылдық үлестің 1,1% деңгейінде болатынын болжауға мүмкіндік береді.

Әлемдік экономикадағы экономикалық құлдырау цифрландыруға көшу үдерісін жеделдетті. Бизнес құндылығының өзгеруі, технологиялық және басқарушылық үдерістерді реттеу, сандық технологияларды белсенді енгізу және адами ресурстарды басқару тәсілдерінің өзгеріске ұшырауы экономиканың түрленуіне себеп болды.

Нәтижесінде ғаламдық цифрландыру электронды сауда нарығының орташа жылдық өсімін 11%-дан астам көрсеткішке жеткізді және халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша 2023 жылға қарай сату көлемі 2,8 трлн долларға дейін өседі.

Электронды сауданың дамуы экономикалық өсім үшін жоғары мүмкіндіктер ұсынады. Біріншіден, бұл тауар айналымының шексіз өсуін қамтамасыз етеді. Екіншіден, кез келген елдің нарығын қолжетімді етеді. Үшіншіден, транзиттік әлеуеттің дамуына септік болады.

Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда электронды сауданың орта есеппен 26%-ға өскендігі байқалады, ал 2015 жылдан бастап орташа жылдық өсім 30%-ға дейін жоғарылады. Жалпы алғанда, 2018 жылы келісімдердің көлемі 259,5 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде бөлшек сауда – 144,6 млрд теңге, көтерме сауда – 114,9 млрд теңгені құрады. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі – 1,4%. Ұлттық экономика министрлігінің болжамы бойынша, таяу бесжылдықта электронды бөлшек сауда көлемі 2 трлн теңгеге дейін өседі.

Хабар 24 телеарнасы