412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан – Беларусь бизнес форумында 15 келісімге қол қойылды

  • 394
  • UPD: 15:19, 24.10.2019
Қазақстан – Беларусь бизнес форумында 15 келісімге қол қойылды

Елордада өтіп жатқан Қазақстан-Беларусь бизнес форумында тараптар жалпы сомасы 75 миллион долларға жететін 15 келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл құжаттар негізінен фармацевтика, машина құрастыру салалары мен агроөнеркәсіптік кешенге қатысты. Жиынға қатысушылардың арасында іскерлік топтар мен ұлттық компаниялар өкілдері, сондай-ақ үкімет мүшелері бар. Еске салайық, қазір Қазақстан және Беларусь Республикаларының түрлі салалардағы байланысы 70-тен астам келісіммен реттеледі. Былтыр қос мемлекет арасындағы сауда айналымы 712 миллион долларға жеткен.

Бақытбек Қабжанов, «Kazakh Invest» ҰК елдік менеджері:

- Қазақстан Беларусьтен машина құрастыру, жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша инвестиция күтіп отыр. Керісінше, Қазақстан қаржы құюға дайын бірқатар жобалар бар. Олар негізінен агроөнеркәсіптік кешен мен жеңіл өнеркәсіпке қатысты. Биыл және келесі жылы жүк көліктерін құрастыру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы