431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бас банкирі табысы аз отбасыларға несие беруді шектеуге қатысты түсініктеме берді

  • 555
  • UPD: 22:52, 28.10.2019
Еліміздің бас банкирі табысы аз отбасыларға несие беруді шектеуге қатысты түсініктеме берді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25 % деңгейінде қалдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Алматыда өткен брифингте Ерболат Досаев хабарлады. Бас банкирдің айтуынша, мұндай шешім қабылдауға жылдық инфляция деңгейі ықпал еткен. Қыркүйекте инфляция 5,3 процент болған. Сондай-ақ ішкі нарықтағы іскерлік белсенділіктің, мұнай бағасының өсуі мен Еуроодақ, Қытай, Ресейдің Орталық банктерінің мөлшерлемені төмендетуі де әсер еткен. Ұлттық банк ұзақмерзімді экономикалық дамуды болжауға кірісіп, құнды қағаздар бойынша табыстылықты арттыру мақсатында инвестициялық саясатты өзгертуді жоспарлап отыр. Ерболат Досаев көп пайызбен онлайн қарыз беретін қаржы ұйымдарының мәселесін де қарайтынын айтты. Сонымен қатар төраға табысы аз отбасыларға несие беруді шектеу туралы сұраққа түсініктеме берді.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

– Олар қазіргі уақытта мемлекет тарапынан жәрдемақы алады. Атаулы әлеуметтік көмекке ие. Бірақ қарыздары да қарқынды өсіп жатыр. Табысы төмен отбасыларға қарыз беруді шектеуді көздейтін жаңа өзгерістерді жақында енгіземіз. Бұл бастама жаңа жылға дейін қолдау тауып жатса осы жұмысты аяқтауға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы