388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бернде қазақ-швейцар экономикалық мәжілісі өтті

  • 138
  • UPD: 15:50, 29.10.2019

Берн қаласында Қазақстан мен Швейцария арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның 10-мәжілісі өтті.

Басқосуда өзара сауда және  елімізге швейцариялық инвестициялар көлемін арттыру жолдары қарастырылған. Қазақстан республикасы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өз баяндамасында химия және фармацевтика өндірісі, авиация мен көлік логистикасы, машина жасау мен АЙ-ТИ технологиялар, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы Швейцарияның үздік тәжірибесі қызықтырып отырғанын атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, өзара сауда айналымымыз 3 миллиард доллардан асқан. Ал соңғы 14 жылда Швейцария Қазақстанға 47 жарым миллиард доллар инвестиция құйған болатын. 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі: 

- Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда және экономикалық қарым-қатынастар жылдан жылға артып келе жатыр. Бірақ кейінгі жылдарға қарасақ, сауда-саттықтың көлемі төмендеп кетті.  Мұның себебі біздің экспортымыздың 88 проценті - ол шикізат. Біздің негізгі мақсатымыз, бүгінгі осындағы жұмыстың, шикізат емес, экспорттың басқа, сауда-саттықта шикізат емес экспорттың көлемін арттыру. 

Эрвин Боллингер, Швейцария федералдық кеңесінің сауда қатынастары бойынша уәкілі: 

- Өзара сауда айналымымыз жақсы. Швейцария Қазақстандағы ірі инвестор, маңыздылығы жағынан үшінші инвестициялық әріптесі. Елдеріңіздің мұнай өндіру, көлік, фармацевтика және қаржы салаларында Швейцарияның 40 компаниясы жұмыс істеп келеді. Ауыл шаруашылығыңызға да қызуғышылығымыз бар. Жақын арада Қазақстан Қытай үшін маңызды ет өндірушіге айналатынын білеміз. Қазақстанмен ет өндіру саласы мен генетиканы дамытуда ынтымақтастық орнатуға ниетіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы