386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерланд Қазақстанның аграрлық секторына инвестиция құймақ

  • 303
  • UPD: 23:35, 04.11.2019

Гаагада Қазақстан мен Нидерланд үкімет басшыларының қатысуымен өткен бизнес-форумда энергетика және шикізаттық емес сектордағы серіктестікті нығайту туралы құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жасалған келісімдердің ең басты салалары – ауыл-шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ екі мемлекеттің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық.

Асқар Мамин бастаған үкімет делегациясының Гаагаға сапары барысында екі жақсы кездесулер мен Нидерланд кәсіпкерлерімен жүргізілген келіссөздер өз нәтижесін берді. Соның ішінде аграрлық салада бірнеше құжатқа қол қойылды. Бұл Жамбыл облысында жалпы құны 145 миллон АҚШ доллары тұратын фри картофелінің өндірісін өркендететін бірлескен кәсіпорын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен «Вахенинген» университеті өзара студенттерді алмастырып оқытуды жүзеге асыратын болды.

Тілектес Досполов, ҚАЗҰАУ ректоры:

– Оқу құны Нидерландтан гөрі 3,5 есе аз болады. Жобаны іске асыру барысында университет жаңа оқу-инновациялық бағдарламаларға ие бола алады. Сондай-ақ біздің ғалымдарымыз біліктілікті арттырудан өте алады. Көптеген онлайн-курс тек студенттер мен оқытушылар үшін ғана енгізілмей, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушылары үшін де ұйымдастырылады.

Сьяк Вальварен, «Dutch Fruit Solutions Kazakhstan» МЖК басшысы:

– Біздің 14 компаниямыз Алматы мен Шымкентте жеміс шаруашылығын дамыту үшін инвестиция құйып жатыр. Қазіргі уақытта біз Талғарда тәжірибелік егістіктер жасап, ҚАЗҰАУ-мен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойдық. Сіздердің елдеріңізде аграралық секторды дамыту үшін барлық жағдай жасалған, жастардың да қызығушылығы артқан. Бұл елдің болашағы үшін өте маңызды. Сол себепті, екі мемлекет арасында студенттермен алмасу - жақсы шешім. Біздің серіктестігіміздің мемлекеттік деңгейде болғаны маңызды.

Нидерланд әлемде жоғары технологиялық жылыжайлардың өндірісі бойынша алдыңғы орында тұр. Біздің шаруалардың арасында да заманауи технологияларды және жылыжайда дақылдарды өсіруге қажетті арнайы үйлерді сатып алуды жоспарлап отырғандар бар.

Жандос Тұрсынғалиев, «Eurasian Green Product» стратегия бойынша директоры:

– Біз Алматы облысының Қарасай ауданында бес гектар жерде төртінші буындағы жылыжайларды салып жатырмыз. Қазір құрылыстың екінші сатысындамыз. Бұл 100-ден 150-ге дейін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Жоба мемлекеттік қолдаумен жүзеге асырылады. Инвесторлар бізге барлық техниканы орналастырып, құрастырып береді. Олардың мамандарының бақылауында болады. Бір жылдың ішінде, олар бізге осы жылыжайларда көкөністер мен жемістерді өсіру техникасының агрономиясын және технологиясын игеруге көмектеседі.

Сьяк Вальварен, «Dutch Fruit Solutions Kazakhstan» МЖК басшысы:

– Алматы – бұл бүкіл алмалардың отаны. Біз болсақ, ең үздік өндірісті жүргізуге және пайдалы біліммен бөлісуге қуаныштымыз. Тек Қазақстанда ған емес, әлемнің басқа да елдерінде ең таңдаулы дәм үшін және әр түрлі сырқаттарға ең жақсы төзімділік үшін жаңа сұрыптарды іздеудеміз.

Нидерландтық инвесторлар Қазақстанда ауыл шаруашылығы индустриясының және сараптама ғылымының дамуында әлеуеті зор екеніне сенімі мол.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы