384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бизнестің жол картасы-2020. Алматы облысында 1200-ге жуық жоба қаржыландырылды

  • 182
  • UPD: 13:42, 05.11.2019
Бизнестің жол картасы-2020. Алматы облысында 1200-ге жуық жоба қаржыландырылды

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Алматы облысында 1200-ге жуық жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтар болсақ, биылдың өзінде субсидиялаудың бірінші бағытымен жалпы сомасы 4 миллиард теңге болатын 59 бизнес бастамаға қолдау көрсетілген. Сонымен қатар мемлекет жыл басынан бері 63 жобаға кепіл болды. Соның арқасында 9 жылдың ішінде 24 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Сәйкесінше, салықтық түсімдер 93 миллиард теңгеге жеткен. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы жүзеге аса бастайды. Ол бағдарлама бойынша қазірдің өзінде жалпы құны 3 миллиард 600 миллион теңгенің 177 жобасы қолдауға ие болған.

Әлия Нұғманова, кәсіпкерлікті қолдау қоры облыстық филиалының бас менеджері:

- Бірінші бағыт бойынша кәсіпкер 750 миллион теңгеге дейін несие алса, екінші бағытпен 2,5 миллиард теңгеге дейін қаржыландырылады. Алғашқысы шағын қалалар мен ауыл, елді мекендердің тұрғындарына арналған. Ал екіншісінің ішінде салалық шектеулері бар.

Хабар 24 телеарнасы