388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жалпы құны 90 млрд теңге болатын 109 жоба іріктелді

  • 111
  • UPD: 13:59, 05.11.2019
Алматы облысында жалпы құны 90 млрд теңге болатын 109 жоба іріктелді

Алматы облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы құны 90 миллиард теңге болатын 109 жоба іріктелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге соның 19-ы мақұлданған. Олардың дені аккумулятор, электр жабдықтарын шығаруға, кондитерлік тағамдар мен пластиктен жасалатын тауарлар өндірісіне және құс шаруашылығына арналған. Ішкі туризмді, соның ішінде Алакөл жағалауындағы инфрақұрылымды дамыту бағытындағы бірқатар жобалар да қолдау тауып отыр.

Әлия Нұғманова, кәсіпкерлікті қолдау қоры облыстық филиалының бас менеджері:

- Кәсіпкерлер бұл жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша 15%-тік үстеме ақымен несие ала алады. Соның 9%-тік субсидиялық, қалғаны кәсіпкерлік мөлшерлеме. Банктердің орта және шағын бизнеске ең кемі 20%-тік үстемемен несие беретінін ескерсек, әрине, кәсіпкерлер үшін бұл өте тиімді бағдарлама болғалы тұр.

Хабар 24 телеарнасы