387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Омбы облысы мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 300 млн долларды құрады

  • 126
  • UPD: 14:35, 06.11.2019

Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің 16-өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынас қалай қарқын алмақ?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

– Иә, Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы алғаш рет 2003 жылы осы Омбыда өткен. Енді, міне араға 16 жыл салып дәстүрлі жиын осы қалаға айналып келіп отыр.

Биылғы басқосу шекаралас әріптестікті дамытытудың өзекті сұрақтарына арналды. Бірақ, кәсіпкерлердің күтіп отыратын уақыты жоқ. Екі елдің іскер азаматтары бір күн бұрын сауда-экономикалық миссиясында кездесті. Шараға отандық 23 компанияның өкілі қатысып, тігін, азық-түлік, құрылыс, мұнай-газ салалары бойынша келіссөздер жүргізді. Ауылы аралас аймақтардың алыс-берісі артпаса, бәсеңдеген емес. Мәселен, биыл бір ғана Омбы облысы мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 300 млн долларға жеткен. Бұл шек емес. Форум аясында «Жоғары технологиялар» атты көрме ұйымдастырылды. Ол оң және сол қанатқа бөлінген. Бір жағында Қазақстан, ал екінші жағында ресейліктер. Мұнда екі елдің өндірушілері өздерінің өнімдерін ұсынып, бары мен нарын паш етті.

Ерлан Ахметов, IT компанияның коммерциялық директоры:

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

– Қазір бірнеше панельдік сессия өтіп жатыр. Онда еуразиялық экономикалық одақ аясында шекаралық шектеулерді жою мәселелері қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, цифрлық технологиялар бойынша IT жобаларды жүзеге асыру жағы да жан-жақты талқыланбақ.

Хабар 24 телеарнасы