387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Омбыда өтіп жатқан форумда шекарадағы шектеулерді жою мәселесі сөз болды

  • 113
  • UPD: 16:32, 06.11.2019

Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің 16-өңіраралық ынтымақтастық форумы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

– Қазір ғана Қазақстан мен Ресейдің іскерлік кеңесінің отырысы аяқталды. Онда экономикалық кооперациясының заманауи аспектілері талқыланды. «Ол үшін ең алдымен шекарадағы шектеулерді жою керек», - дейді жиында сөз алған спикерлер. Қазіргі таңда екі ел арасында 70 шақты кедергі бар екен. Соның салдарынан жүк көліктері шекарада сағаттап тұрады. Адамдар да солай. Шекарадағы қарапайым жағдайлардың жоқтығы да жасырын емес. Петропавлда өткен форумнан кейін Солтүстік Қазақстан облысындағы бақылау бөлімшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтсақ, жүк көліктеріне жеке жол салынды. Бұл халықаралық талап. Ал Омбыдағы форумда өту бекеттерін дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдау жөнінде ұсыныс айтылды. Ол бойынша ескілерін жөндеп, жаңаларын салу жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы