384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте кәсіпкер әйелдерге қолдау болмай тұр

  • 203
  • UPD: 09:34, 07.11.2019

Шымкентте кәсіп ашқысы келетін аналар мен жастар 1%-тік несиеге әлі де қол жеткізбеген.

Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Береке Дүйсебековтің айтуынша, әйелдерге берілетін қаражаттың құжаттары үш жақты келісім негізінде дайындалуда.

«Әйелдер арасында кәсіпкерлікке бет бұрғысы келетіндер көп. Алайда олардың жолына кесе көлденең тұратын кедергілер көп» дейді көп балалы ана Мереке Балтабаева. Мереке қазір отбасымен қаланың іргесіндегі «Сәуле» мөлтек ауданында тұрады. Ол әуелі 1 пайыздық несиені алуға әрекет етіп көрген. Ол үшін бизнес жоспар әзірлеп, әуре-сарсаңға түскенін айтады. Сосын 505 мың теңгелік қайтарамсыз грант алуға тағы да сабылған. Мереке тігін ательесін ашпақ болыпты. Осы мақсатта қысқа мерзімді курсты аяқтаған. Сосын қайтарамсыз қаржылай қолдауға ие болу үшін өз есебінен базар маңын жағалап, шағын тігіншілік үйін ашқан. Өз қаражаты таусылған соң қарызға баттым дейді ол. 

Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері 35 мың 733 азамат жұмыспен қамту орталығына екі қолға бір күрек табу үшін жүгінген. Соның 16 мыңнан астамын әйелдер құрайды. 

Мереке Балтабаева, қала тұрғыны: 

- Мен осы 505 мың теңге грантты алу үшін жазда тапсырдым. Сөздің шыны керек, содан тамызда бізді комиссиядан өткізген кезде өтпей қалдым бірінші потогынан. Себебі өз қалтасынан шығарып бизнес жүргізіп, көзін тауып істеп жатқандарға беріп жатырмыз деді.

- Қағазбастылық көп болды ма құжат өткізуде?

- Ия, көп болды ғой ондай. Шынымды айтсам, жазып барған бизнес планымызды құжат қабылдайтын қыздар ұнатпайды. Комиссияға барсаң, олар ұнатпайды. Әйтеуір сондай көп.

Хабар 24 телеарнасы