388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан-Ресей шекаралық ынтымақтастығы артып келеді

  • 60
  • UPD: 11:05, 07.11.2019

Қазақстан мен Ресейдің 16-өңіраралық ынтымақтастық форумында тұңғыш рет азаматтық институттар арасында келісім жасалды.

Атап айтсақ, Қостанай, Қарағанды, Сверловск облыстарының қоғамдық ұйымдары өзара байланыс бекітті. Омбыда өткен жиында бұдан бөлек білім, кәсіпкерлік, қаржы, мұнай-газ салалары бойынша да іскерлік қарым-қатынас орнатты. Тараптар алдағы уақытта бір-бірімен тәжірбие алмасып, бірлескен жобаларды жүзеге асырмақ. Жалпы форумның бірінші күні 15 шақты маңызды құжатқа қол қойылды. Оның ішінде Павлодар мен Омбы университеттері де ортақ келісімге келді. Енді екі жақ мамандарды бірігіп даярламақ. 

Мейрам Бегентаев, С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры: 

- Бүгін Омбы техникалық университетімен біз келісім жасадық. Омбы техникалық университетінде мұғалімдер де, ғылыми жағынан көп нәрсе ұызық біздің университетімізге бар. Ол ғылыми жағынан профессорлар бізге де келеді. Мұғалімдер де жарты жыл бізде жұмыс істесе, жарты жыл Омбыға келіп, дәріс беріп студенттерге осындай болады.

Хабар 24 телеарнасы