388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО Еуропа және АҚШ компанияларымен байланысты тереңдетуге мүдделі

  • 51
  • UPD: 12:55, 07.11.2019

Батыс Қазақстан облысының АҚШ пен Еуропаның ірі компанияларымен қаржы, экономикалық және мәдени байланыстарды тереңде түсудегі әлеуеті зор.

Мәселен, энергетика және мұнай-химия саласындағы британ-нидерланд компания өңірдегі іргелі кеніштің еншілес операторы ретінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді. Инвестиция тарту бойынша АҚШ кәсіпорындарымен арадағы  әріптестік те беки түскен. Соңғы 3 жылда қазақстан-британ компаниялары арасында 31 біріккен кәсіпорын құрылыпты. Бұл ретте ең алдымен жергілікті үлесті арттыруға басымдық беріліп келеді. Ал нидерландтық инвесторлар Орал қаласының аумағында алып жылыжай ашуға ниет танытып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінде жұмыс сапарымен болған АҚШ, Ұлыбритания және Нидерланд Корольдігінің елшілері мәлім етті. Іссапар барысында дипломаттар Батыс Қазақстан облысында жұмыс істейтін бірқатар жергілікті және шетелдік бизнес өкілдерімен кездесті.

 Андре Карстенс, Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Ауқымды жобалардың қатарында жылына 40 мың тонна өнім беретін жылыжай кешені де бар. Жылыжайдың жалпы аумағы 50 гектардан асады. Технологиялық тұрғыдағы ерекшелегі сонда, үнемі айналыста болғандықтан мұнда су өте аз пайдаланылады.  Жылыжайда өсірілетін бау-бақша өнімдері мен гүлдердің сан-алуан түрі келешекте көрші елдерге экспортталады. 

Уильям Мозер, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Біз үшін Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысына келу ұзақ мерзімді инвестицияларымыздың нәтижесін көру үшін зор мүмкіндік болып табылады. Американдық бизнес әлі де Қазақстанға инвестиция құяға мүдделі, сондықтан осы іссапар кезінде аймақтағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы білгіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы