384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемнің 200 сарапшысы Қазақстанда бас қосады

  • 180
  • UPD: 19:48, 07.11.2019
Әлемнің 200 сарапшысы Қазақстанда бас қосады

Елордада «Астана клубының» бесінші отырысы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – әлемнің 40 елінен 200-ден аса сарапшы бас қосатын ауқымды шара. Бұл жолы қатысушылар Үлкен Еуразияны құрудың тың тетіктері талқыға салады. Сосын осы жиында 10 басты сын-қатер рейтингісі таныстырылады.

Еске салайық, жаһан тұрғындарының 60 проценті, дүниежүзілік ЖІӨ-нің 65 проценті және энергетикалық ресурстардың 75 проценті Еуразияда шоғырланған. Ауқымды жиын осы айдың 11 мен 12 күндері өтеді.

Ерлан Мәдиев, әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы

– Халықаралық аренада Қазақстанның позитивті дұрыс келбетін айқындау бағытында осы аталмыш диалогтық платформаның әлеуеті де маңызы да аса зор. Басқа жағынан қарайтын болсақ, бүгін көптеген мемлекет осындай жаһандық сипатқа ие сұхбаттарды Қазақстан өткізуге мүдделі болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы