423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ел қазынасынан бөлінген 68 млрд теңге игерілмеген

  • 693
  • UPD: 14:02, 12.11.2019

68 млдр теңгенің игерілмегені туралы бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бюджеттің үш рет нақтыланып, екі рет түзетілгеніне қарамастан, орталық мемлекеттік органдар мен бірқатар жергілікті мекемеде бюджеттің толық игерілмеуі байқалады», - деді министр. Осы орайда ол өз қызметінде кемшіліктер жіберіп, мемлекет қаржысының уақытылы жұмсалмауына себепкер болған тиісті орган жетекшілерін жауапқа тартуға шақырды. 2019 жылдың қаңтар-қазан айларындағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуын қорытындылаған Әлихан Смайлов ең көп қаражатты игермеген министрліктерді атады.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары, ҚР қаржы министрі:

– Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 10,1 млрд теңге, Білім және ғылым министрлігі 9,3 млрд теңге, Индустрия және инновациялық даму министрлігі 7,8 млрд теңге, Мәдениет және спорт министрлігі 6,1 млрд теңге, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 5,1 млрд теңге. Игерілмеудің негізгі себептері – мемлекеттік мекемелердің қайта ұйымдастырылуы, орындалған жұмыстар актілерінің уақтылы ұсынылмауы, шарттар, қосымша келісімдер жасасу рәсімдерінің ұзақ жүргізілуі.

Хабар 24 телеарнасы