384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран Қазақстаннан тасымалданатын ет көлемін арттырмақ

  • 211
  • UPD: 14:40, 13.11.2019

Иранда ет өндірісінің мөлшері едәуір азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған мал санының кемуі мен бірқатар ірі қасапханалардың жабылуы себеп болған. Әзірше дүкендер мен базарда ет тапшылығы байқалмайды. Алайда тәуелсіз сарапшылар ет нарығына төніп тұрған қауіп туралы ескертіп отыр.

Өткен жылмен салыстырғанда Иранда ет өндірісі 22 пайызға кеміген. Ел өкіметі мен кәсіпкерлер жергілікті нарықта еттің орнын толтыру үшін ет өнімдерін шетелден әкеледі. Осы саладағы басты серіктесі Қазақстан саналады. Қазірде Иранға апта сайын 40 тоннанда 60 тоннаға дейін қазақстандық ет жеткізіліп тұр.

Джалал Есфахани, ет импорттайтын компанияның бас директоры:

– Осыдан бір жарым жыл бұрын Қазақстаннан қой етін сатып ала бастадық. Жамбыл облысында қасапхана таптық, оған инвестиция құйып, заманауи құрал-жабдық сатып алдық. Сонда мал сойып, етті қаптап, мұздатамыз. Бүкіл іс санитарлық-гигиеналық талаптарға сай өтеді. Нәтижесінде жоғары сапалы өнім шығады, ет тез дайындалады, дәмі де керемет. Сондай-ақ, малды ислам ережелері бойынша соямыз, бұл біз үшін маңызды.

Иран билігі Қазақстаннан ет импортын арттыруға ниетті. Біздің өнімімізді негізінен мейрамханалар және жоғары деңгейдегі кездесулер өткізетін талар деп аталатын тойханалар сатып алады. Сұраныс жоғары болғандықтан қазақстандық ет кішігірім дүкендерге жетпей қалып жатады. 

Мохаммад Шаян, ет импорттайтын компанияның коммерциялық директоры:

– Егер ет өндірісі өнеркәсіптік деңгейге шықса, бағалар тұрақталады, ал бұл бәріне тиімді. Қазақстан – тамаша табиғаты бар бай ел, онда өсірілетін қойлардың сапасы өте жоғары. Үкіметтің қолдауымен Қазақстан бұл салада үлкен табысқа жетеді.

Иран басшылығы жақын арада қазақстандық етті тасымалдау мәселелерін шешпек. Тауарды елімізден шығаруға салық қарастырылған, ал бұл өнім бағасының өсуіне әсер етеді. Иран – Таяу Шығыс аймағында етті ең көп тұтынатын ел болғандықтан, баға саясатына үлкен көңіл бөледі. 

Авторлары: Юлия Гнатюк, Махмуд Махмуди.

Хабар 24 телеарнасы