384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төлем жүйелері арқылы әр минут сайын 5,4 млрд теңгеден астам ақша өтеді

  • 172
  • UPD: 12:40, 15.11.2019

Бүгін – ұлттық валюта күні. Дәл осы күні еліміздің қаржыгерлері кәсіби мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Алматыда отандық қаржыгерлер бас қосып, жыл сайынғы дәстүрлі конференцияда еліміздің қаржы секторының дамуы, макроэкономика мәселелері төңірегінде ой бөлісуде.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

– Бүгін Ұлттық валютаның айналымға енгеніне 26 жыл. Осы уақыт аралығында теңге халықаралық нарықта мойындалды, дейді мамандар. Шетелдік сарапшылар теңгені ТМД мен Орталық Азиядағы ең сенімді және тұрақты валюталардың бірі деп санайды. Ұлттық банктің статистикасына көз жүгіртсек, төлем жүйелері арқылы әр минут сайын 5,4 млрд теңгеден астам ақша өтеді екен. Ал соңғы уақытта қолма қол ақшасыз төлем операцияларының көлемі екі есеге артқан. Бұл – қаржы секторындағы цифрландырудың нәтижесі, дейді сарапшылар. Бүгінгі конференцияда да теңгенің әлеуеті, Қазақстанның қаржы және нақты секторларының өзара әрекеттестігі талқыланбақ.

Айта кетейік, бүгінгі конференцияға қатысушылар бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың қажеттілігі мен тиімділігі, субсидиялар, жеке бизнестің дамуына және нарықты несиелеуге мемлекеттің ықпалын сөз етпек. Сондай-ақ, сессиялық отырыстарда сақтандыру, төлем жүйелері және Интернет-банкинг, қазақстандық қор нарығын дамыту мәселелері талқыланбақ.

Хабар 24 телеарнасы