384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қаржыгерлер конференциясы өтті

  • 154
  • UPD: 21:00, 15.11.2019
Алматыда қаржыгерлер конференциясы өтті

Бүгін теңгенің айналымға енген күні. Осыған орай Алматыда қаржыгерлер конференциясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда талқыланған өзекті тақырыптардың бірі – қаржы секторындағы тұрақтылық пен өсім жайлы болды. Форум қатысушыларының айтуынша, қаржылық тұрақтылық инвестициялық саясатпен астасып жатады. «Бұл ретте банктердің қаржыландырылуы, реттеуші органның білікті болуы маңызды», - дейді мамандар.

Сәбит Хакімжанов, ҚР Ұлттық банкі қаржылық тұрақтылық департаментінің директоры:

- Бүгінгі конференция пікір алмасуға үлкен мүмкіндік. Негізінен бізде қазір белгілі бір ортақ түсінік бар. Реттеуші де, қаржылық сектор да дұрыс бағытта келе жатыр деп айтуға болады. Өткен жылдардағы қателіктерді  қайталамай, алға жылжуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы