384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейдегі тері-былғары комбинаты жұмысын қайта бастайды

  • 150
  • UPD: 23:23, 15.11.2019
Семейдегі тері-былғары комбинаты жұмысын қайта бастайды

Семейдегі тері былғары комбинатының дүние-мүлкі Қазақстан инвестициялық қорының иелігіне өтеді. Бұл туралы осы қордың өкілі мәлімдеді.

Активтерді басқару департаменті директорының орынбасары Светлана Неустроеваның айтуынша, салық орындарына миллиондаған қарызы бар серіктестіктің жұмысы тоқтаған. Бірақ кәсіпорын түбегейлі жабылмайды. Енді жаңа қожайындар инвесторлар іздестіреді. Қор өкілінің айтуынша, комбинат сатылса құнын бөліп төлеу әдісі қолданылуы мүмкін. Ал инвесторлар табылғанша, кәсіпорын жалға берілуі мүмкін. 

Светлана Неустроева, Қазақстан инвестициялық қорының өкілі:

Қор барлық дүние мүлікті өз басқаруына алады. Жұмыс орындары да толық сақталады. Ешкім де далада қалмайды. Тазарту қондырғыларының жұмысы да қалыпты жалғасады. Ең бастысы, кәсіпорынды қайта жандандырып, жұмыс орындарын ұлғайта түсетін инвестор іздеу көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы