427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы қалай болмақ – министр жауабы

  • 984
  • UPD: 18:18, 18.11.2019
Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы қалай болмақ – министр жауабы elorda.info

Жаңа жыл қарсаңында баға тұрақтылығын сақтау мақсатында монополияға қарсы орган жұмыс істеуде, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Жаңа жыл алдында монополияға қарсы орган жұмыс істеуде. БАҚ-тан көруге болады, өткен айдан бастап әртүрлі бизнес құрылымдар баға негізділігі туралы хабарлама алды. Қазіргі уақытта монополияға қарсы орган мәліметтермен жұмыс істеп, соның негізінде белгілі шаралар қабылданады. Біздің мақсат – бағаның негізсіз өсуі мен нарық келісіміне жол бермеу. Сонымен қатар, Сауда министрлігі (Сауда және интеграция министрлігі) әлеуметтік тауарлар бойынша жұмыс істеуде. Сіздер білесіздер, аталған министрлік шекті баға қою жүйесін енгізгенін, бағаны шектен тыс өсірген жағдайда министрлік пен әкімдіктердің тиісті шара қабылдауға құқылары бар», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Министрдің сөзіне сенсек, бағаны негізсіз көтерген бизнес өкілдеріне жаза қолданылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы