384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына инвестиция салуға мүдделі

  • 178
  • UPD: 21:44, 18.11.2019
Қытай кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына инвестиция салуға мүдделі

Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы тауарайналым 20 миллиард АҚШ долларына жуықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, іргелес жатқан қос мемлекеттің қарым-қатынасы жаңа деңгейге жетті. Бұл туралы Қытайдың Еуразия аймағы бойынша арнайы өкілі Ли Хуэй мәлімдеді. Оның айтуынша, бәзбіреулер жалған ақпарат тарату арқылы қос мемлекеттің достық сеніміне сызат түсірмек. Бүгін ол еліміздегі Мемлекеттік басқару академиясы мен Қытайды зерттеу орталығы және екі елдің сыртқы істер министрлігінің сарапшыларымен кездесіп, қос мемлкеттің қарым-қатынасына қатысты өзара пікір алмасты. Кездесу барысында Қытайлық дипломат Ли Хуэй ресми Бейжің тек тиімді іскерлік қатынасты қолдайтынын және тең дәрежеде барлық келісімдерді бұлжытпай орындайтынын жеткізді.

Ли Хуэй, Қытайдың Еуразия аймағы бойынша арнайы өкілі:

- Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасы ынтымақтастықта дамып келеді. Биыл саяси байланыстарымыз ерекше жоғары деңгейге шықты. Ал сауда-экономикалық қатынастарға келетін болсақ, біз өзгелерге үлгі бола аламыз. Өйткені тауарайналым жыл сайын өсіп жатыр. Бұдан бөлек, Қытай тарабы Қазақстан экономикасына инвестиция құюға мүдделі. Қазірдің өзінде бірлескен 50-ден астам жоба қолға алынды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Біз мемлекет басшылары қол қойған келісімдерді бұлжытпай орындайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы