420,89 498,75 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық бизнес цифрлық трансформацияға көшіп жатыр

  • 814
  • UPD: 14:35, 20.11.2019

Бизнес процестерді автоматтандыру мен оның тиімділігі туралы жақында еліміздің жетекші кәсіпорындары басшылары айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Желтоқсан айында Documentolog Technology Conference шарасы өтіп, мұнда электронды құжат айналымы жүйесіндегі тың технологиялар таныстырылады.

Documentolog еліміздегі абырой-атағы дардай азулы компаниялардың басын екінші жыл қатарынан қоспақ. Мұндағы мақсат – технологиялық конференция өткізіп, процестерді автоматтандыруға арналған тың технологиялар жұмысты қалай жаңа сатыға көтеретінін көрсету.

Байжан Қанафин, Documentolog ЖШС бас директоры:

- Documentolog Technology Conference – бұл жыл сайын өтетін практикалық конференция. Мұнда тек біздің ғана емес, сонымен бірге біздің клиенттеріміздің де жетістіктерін паш етеміз. Олар біздің платформа арқылы өз жұмыстарын қалай оңтайландырғанымен бөліседі. Бұл конференция тәжірибе алмасып, жаңа технологиялармен етене танысатын жақсы мүмкіндік.

Конференцияда Documentolog компаниясының электронды құжат айналымы жүйесіндегі жаңа технологиялары таныстырылады. Бұл – AI.Sulu атты жасанды интеллект модулі, Documentolog office кеңсе қосымшасы және тағы да басқалары.

Байжан Қанафин, Documentolog ЖШС бас директоры:

- Біз AI.Sulu атты үлкен ақпаратты талдауға арналған модуль мен жасанды интеллектіні соңғы 1,5 жыл ішінде жасап, іске қостық. Енді осы технологиялар біздің клиенттеріміздің жұмысын қалай автоматтандырып, қалай жеңілдететінін конференцияда тарқатып айтып береміз.

Documentolog Technology Conference ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында 4 желтоқсан күні өтетінін айтып кету керек. Ал жиынға келіп қатыса алмағандар үшін конференцияның онлайн көрсетілімі ұйымдастырылады.

Авторлары: Ж.Біркенов, А.Деменок, Ә.Тауекелов

Хабар 24 телеарнасы