420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранға елімізден апта сайын 60 тоннаға дейін ет жеткізіліп отырады

  • 626
  • UPD: 08:32, 23.11.2019
Иранға елімізден апта сайын 60 тоннаға дейін ет жеткізіліп отырады

Қазақстан – ет импорты бойынша Иран үшін маңызды стратегиялық серіктес саналады.

Ислам Республикасында қазақстандық етке деген сұраныс жоғары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біздің өнімді негізінен ірі мейрамханалар мен жоғары дейгейдегі кездесулер өткізетін банкет залдары сатып алады. Ал, жергілікті тұтынушылар оның сапасына оң бағасын беруде. Бұл ретте Иран билігі қазақстандық өнімнің импортын арттыруға ниетті. Бүгінде мұнда апта сайын елімізден 60 тоннаға дейін ет жеткізіліп отырады.

Айта кеткен жөн, өткен жылмен салыстырғанда, биыл Иранда ет өндірісі 22%-ке азайған. Себебі мал саны кеміп, бірқатар ірі қасапханалар жабылды. Әзірге дүкендер мен базарларда бұл өнімнің тапшылығы байқалмайды. Десе де, тәуелсіз сарапшылар ет нарығына төніп тұрған қауіп жайлы ескертіп отыр.

Джалал Есфахани, ет импорттаушы компанияның бас директоры:

Осыдан бір жарым жыл бұрын Қазақстаннан қой етін сатып ала бастадық. Жамбыл облысында қасапхана таптық, оған инвестиция құйып, заманауи құрал-жабдық сатып алдық. Сонда мал сойып, етті қаптап, мұздатамыз. Бүкіл іс санитарлық-гигиеналық талаптарға сай өтеді. Нәтижесінде жоғары сапалы өнім шығады, ет тез дайындалады, дәмі де керемет. Сондай-ақ малды ислам ережелері бойынша соямыз, бұл біз үшін маңызды.

Мохаммад Шаян, ет импорттаушы компанияның коммерциялық директоры:

- Егер ет өндірісі өнеркәсіптік деңгейге шықса, бағалар тұрақталады, ал бұл бәріне тиімді. Қазақстан – тамаша табиғаты бар бай ел, онда өсірілетін қойлардың сапасы өте жоғары. Үкіметтің қолдауымен Қазақстан бұл салада үлкен табысқа жетеді.

Хабар 24 телеарнасы