420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да ет экспорты тұралап тұр

  • 547
  • UPD: 09:07, 23.11.2019
ШҚО-да ет экспорты тұралап тұр

Шығыс Қазақстан облысы биыл бар-жоғы 354 тонна ғана ет экспорттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 212 тоннасы қалбырланған ет, ал 133 тоннасы шұжық түрінде. Бұл жоспардағыдан 10 есе аз. Себебі аймақта етті шетелге шығарумен шұғылданатын арнайы аккредитциясы бар кәсіпорын жоқ. Сондықтан өңірдегі мал әуелі оңтүсік өңірге жеткізіледі. Одан соң сол жақта сойылып, шетке жөнелтіледі. Бірақ облыстың ет өндіру әлеуеті өте жоғары. Аймақта  бүгінде тек 1 миллионан астам аналық бас сиыр бар. Олардың көбі бордақылау алаңында тұр. Алайда өңірде қазір бірде-бір ет комбинаты жоқ. Семей қаласы мен Аягөз ауданында зауыт салу мәселесі үш жыл бұрын айтылғанымен әзірше нәтижесіз. Енді Жарма ауданында салу жөнінде жоба жасалып жатыр. Осылайша, шығыста ет эксорпты әзірше тұралап тұр

Ержан Нұрбаев, облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасының басшысы

- Арнайы жер бөлініп, құжаттары дайындалып жатыр. Техникалық-экономикалық негіздемесі келісілуде . Ет өңдейтін осы үш зауыттың біреуі іске асса, ол ең соңғы үлгідегі технологиямен жұмыс істейтін болады. Яғни, ет ерекше сұрыпталып, қапталады. Бұл әлемдік нарықтың талабына сай келеді деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы