381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әйелдерге арналған ипотека: ТҚЖБ қомақты кредит алады

  • 407
  • UPD: 09:48, 25.11.2019

Елімізде әйелдерге арналған ипотека пайда болады. Бұл үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Азия даму банкінен 38 млрд теңге қарыз алмақшы.

Қазір келісімдер жасалып, бағдарлама әзірленуде. Оның негізінде әр салымшы 30 млн теңгеге дейін несие рәсімдеп, қалаған пәтеріне ие бола алады. Бастапқы жарна салымшының еңбекақысына байланысты есептеледі. Мысалы, 200 мыңнан төмен жалақы алатындар үшін 15 процент жоғары алса, 20 процент болып белгіленеді. Бүгінде банк салымшыларының 60 проценті әйелдер екен. Айта кету керек, мұндай бағдарлама Азия аумағында тұңғыш рет қолға алынбақ.

Жансұлтан Матаев, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық филиалының директоры:

- Он бес пайыз жарнапұлмен, 20 пайыз жарнапұлмен бірінші нарықтан, құрылысшылардан, болмаса қайталама нарықтан үй сатып алуға мүмкіндік пайда болады. Келген ақшаны, менің ойымша, көпшілігінде ауылдық жерлерге, облыстарға, бас екі қаламыздағы тыс жердегі өңірлерге береді деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы