423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыға 1,5 жыл ішінде құны 19 млрд АҚШ доллары болатын шетелдік тауар импортталған

  • 664
  • UPD: 13:51, 26.11.2019
Алматыға 1,5 жыл ішінде құны 19 млрд АҚШ доллары болатын шетелдік тауар импортталған

Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы 10 мыңнан астам импорттық тауар түріне жасалған зерттеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қарапайым заттар экономикасы» атты зерттеу кезінде соңғы бір жарым жыл ішінде Алматы қаласына құны 19 миллиард АҚШ доллары болатын шетелдік тауар импортталғаны белгілі болды. Мысалы, 51 миллион доллардан астам қаржыға күнбағыс, зығыр майы, 58 миллион долларға аяқ киім, 20 миллион долларға қап пен пакет импортталған. Бұдан өзге ұшақ, машина, ұялы телефон, планшет, тауық еті, жиһаз, майлық, айыр күрек секілді заттар да шетелден әкелініп отыр.

«Сол тауарлардың көпшілігін елімізде шығаруға да болады», - дейді мамандар. Осы мақсатта Қазақстанда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы қабылданып, 600 млрд теңге бөлінген болатын.

Нариман Әбілшайықов, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Осы импорттық тауарлар қандай елден, қандай бағамен кіретінін, осының бәрін талдап, қаржылық-экономикалық моделін құрастырып, қазіргі таңда біздің кәсіпкерлерімізге жариялап отырмыз. Сондықтан да өз кәсібімді ашамын, өз кәсібімді қай салада дамытамын деген кәсіпкерлерге жаңағы біздің осы талдау көмектеседі және де қажетті болады.

Хабар 24 телеарнасы