420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия кәсіпкерлері инвестицияны түрлендіруге ниетті

  • 738
  • UPD: 09:20, 01.12.2019
Түркия кәсіпкерлері инвестицияны түрлендіруге ниетті

Қазақстан мен Түркия арасындағы индустриялық және инвестициялық сала бойынша іскерлік байланыс бекем.

Мұның айқын дәлелі тәуелсіздік жылдары Қазақстанға Түркиядан 4 млрд доллар инвестиция тартылса, Қазақстаннан Түркияға 1 млрд. доллар инвестиция құйылған. Биыл елімізге салынған түрік инвестициясының көлемі екі есе артқан. Осы орайда бауырлас елдің қалталы азаматтары елімізбен іскерлік байланысты одан әрі арттыруға ниетті. Әсіресе олар қорғаныс, энергетика, инфрақұрылым, химия және жеңіл өнеркәсіп салаларына  қаржы құймақ. Себебі ТМД елдері мен Қиыр Шығысқа жол ашылады. Бұл туралы Анкара өнеркәсіп палатасында өткен жиында айтылды. 

Ниази Акташ, Анкара өнеркәсіптік ұйымының басқарма басшысы:

- Анкара өнеркәсіптік аймағында барлық саланың алдыңғы қатарлы кәсіпкерлері топтастырылған. 4 ірі компаниямыз Қазақстанға инвестиция құйған. Тағы да бірқатар әріптестеріміздің кәсіпорын ашып жатыр. Салық жеңілдіктері мен мемлекеттік мекемелеріңіздің белсенділігі жұмысымызды едәуір жеңілдетті. 

Мұстафа Явуз, «Инфотекс» компаниясының бас директоры:

- Электроника саласында жұмыс істейміз. Қиыр Шығыс пен Германияда инвестицияларымыз бар. 8 ай бұрын Қазақстанға да инвестиция салуға бел будық. Еліңіздегі инвесторларға арналған үш деңгейлік жүйе арқылы қолайлы жағдай жасалды. Қысқа уақыттың ішінде, банктік, мобильдік, сауда- саттық және басқа да салаларда электрондық қауіпсіздік жүйесін орнатуды көздеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы