418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО аясында әрбір ел әлемдік бренд құруы қажет – Т.Саркисян

  • 649
  • UPD: 08:53, 01.12.2019
ЕАЭО аясында әрбір ел әлемдік бренд құруы қажет – Т.Саркисян

Интеграцияны дамыту үшін Еуразиялық экономикалық одақ аясында әлемдік деңгейде бренд құру қажет.

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян мәлімдеді. Штаб-пәтер басшысы бұл бастаманы іске асыру үшін жаңа әдіс керектігін айтады. Тигран Саркисянның айтуынша, әрбір ел өз мүддесіне қарай белгілі бір бағытқа басымдық беріп, сол жобаны жүзеге асыруға күш салуы қажет. Сондықтан ол интеграциялық бірлестіктің барлық қатысушыларына өздеріне лайықты жобаны таңдап, соны дамытуды ұсынды. 

Тигран Саркисян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы:

- Әрбір ел өзі қалаған бір салаға басымдық бере алады. Мәселен, еуразиялық зергерлік брендті алайық. Бұл жобаны Арменияның алуына болады. Ал еуразиялық көлік компаниясын құруға Беларусь кіріссін. Сандық кеңсе жобасын Ресей дамыта алады. Ал Қазақстанға келер болсақ, бұл елдің мүддесі еуразиялық экспорт пен транзиттік әлеуетте. 

Тигран Саркисянның айтуынша, мұндай әдіс Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысы аясында және үшінші елдермен еркін сауда аймақтарын құру туралы келіссөздер барысында өз тиімділігін көрсетті. Мәселен, Иран бағытына Армения жауапты болса, Сингапурмен Ресей Федерациясы жұмыс істеді. Ал Израильге Қазақстан жауапты. Одақ елдерінің экономикалық тұрғыдан жақындасуына еуразиялық компаниялар да себепкер бола алады. 

Тигран Саркисян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы:

- Ал ұлттық компаниялардан жоғары тұратын кәсіпорындарды құру мәселесіне келер болсақ, біз үшін бірнеше елде жұмыс істеп, бір брендпен тауар өндіретін компаниялардың халықаралық тәжірибесі маңызды. Елдеріміздің үкімет басшылары еуразиялық компания тұжырымдамасын жасау және оларға арналған заңнама құру туралы тапсырма беріп те қойды. Ол компанияларымыздың бірігуіне ынталандыратындай болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы