379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ-ның Жасыл климат қоры Қазақстанға 557 млн доллар инвестиция құйды

  • 284
  • UPD: 10:26, 05.12.2019
БҰҰ-ның Жасыл климат қоры Қазақстанға 557 млн доллар инвестиция құйды

Біріккен ұлттар ұйымының Жасыл климат қоры парниктік газдарды азайтуға 1 миллиард 870 миллион доллардан астам қаражат бөледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қордың жоспарлары оңтүстіккореялық Инчонда өткен халықаралық семинарда қаралды. Мұнда ұйымның штаб-пәтері орналасқан. Қазақстан бұл қормен 3 жылдан бері ынтымақта. Ұйым Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп, Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері жобаларына 557 миллион АҚШ доллар инвестиция құйды. Осы қаражатқа Қарағанды облысында 40 мегаватт күн электр станциясы іске қосылды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Жанғызтөбе ауылында күн электр станциясын салуға 16 миллион 700 мың доллар көлемінде несие берілді. Жалпы Жасыл климат қоры мен Еуропалық қайта құру және даму банкі елімізде 11 жасыл жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жасыл станциялар Қазақстандағы көмірқышқыл газын шығаруды 13 миллион тоннаға азайтады.

Лео Пак, Жасыл климат қорының аға маманы:

2019 жылда біз 124 жоба мақұлдадық. Олардың жалпы сомасы 5 миллиард 600 миллион доллар. Қазір әлем бойынша біздің 95 тіркелген ұйымымыз жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы